КГУ «Қостанай қалалық «Дельфин» сәбилер үйінде» Қарттар күніне арналған жылы жүздесулер өткізу — игі дәстүрге айналды. Бұл күн – көптеген жылдар бойы балалар мен мекеме игілігі үшін еңбек еткен ардагерлерге алғыс пен құрмет білдіретін ерекше күн.
Биыл да сәбилер үйінің барлық зейнеткерлері жылы шыраймен қарсы алынған мерекелік шараға шақырылды. Қонақтарға олардың мейірімі мен төзімділігі, өз ісіне адалдығы үшін алғыс сөздері айтылып, мерекелік дастарқан жайылып, жайлы және қуанышты көңіл-күй сыйланды.
Іс-шара отбасылық, шынайы атмосферада өтіп, қуанышқа, естеліктерге және ізгі тілектерге толы күн болды.
Кездесудің фотоматериалдары мен ақпараты мекеменің стендісінде және WhatsApp жұмыс чаттарында орналастырылды.
«Дельфин» сәбилер үйі жыл сайын бұл күнді ерекше ілтипатпен атап өтеді, себебі аға буынға құрмет көрсету — бұл жай ғана дәстүр емес, ол ұжымның рухани мәдениетінің және адамгершілік тәрбиесінің маңызды бөлігі.
Традиционное мероприятие ко Дню пожилого человека
В КГУ «Костанайский дом ребёнка «Дельфин» стало доброй традицией проводить тёплые встречи, посвящённые Дню пожилого человека. Этот день — особый повод выразить благодарность и уважение людям, которые многие годы трудились во благо детей и учреждения.
В этом году всех пенсионеров Дома ребёнка пригласили на праздничное мероприятие, где царила атмосфера тепла, заботы и душевного единства. Для гостей были подготовлены слова признательности за их доброту, терпение и преданность профессии, организован праздничный обед и создана уютная, праздничная обстановка.
Мероприятие прошло в семейной, искренней атмосфере, наполнив день улыбками, воспоминаниями и добрыми пожеланиями.
Фотоотчёт и информация о встрече размещены на стенде учреждения и в рабочих чатах WhatsApp.
Дом ребёнка «Дельфин» ежегодно с особым трепетом отмечает этот день, ведь уважение к старшему поколению — это не просто традиция, а важная часть духовной культуры и нравственного воспитания коллектива.