Қайырымдылық

Көптеген адамдар сыйлықтар әкеліп, көмек көрсете отырып, жасырын беруші болып қалғысы келеді. Олар балаларға шын жүректен сыйлық беріп, жұртшылыққа жария еткісі келмейтінін айтады. Оған қарамстан, олар туралы сайтымыздың беттерінде айтқымыз келеді. Бұл бізге адамдарға алғыс айтуымызға кедергі емес. Аты-жөніңізді білмесемізде, құрметті достар, біздің үйдің кішкентай тұрғындарына көрсеткен көмегіңізге, сый-сияпаттарыңызға көп рахмет!

Соған қарамастан бесік сыйлаған Қостанай қаласының тұрғыны Сәуле Қазыбаеваға алғысымызды білдіреміз - Беси́к, бесык, беши́к (каз. бесік; кирг. бешик; узб. Beshik) орта Азияда кең тараған бесік түрі. Ал, А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ-нің құқықтану мамандығының 21-211-31 тобының студенттері бүлдіршіндерімізді жеміс-жидек пен тәттілермен сусындатты. Балалар киімі бөлімінен Нина Николаевна Михайлова мен Анастасия Лаврентьевна Кашуро балаларға бас киімдер мен колготки әкелді. Ерлі-зайыптылар Светлана Юрьевна мен Андрей Геннадьевич Морозовтар логотипі бар шай саптыаяқтарын сыйға тартты, олар тәрбиешілер топтарына берілді. Қайырымды жандар үш жасқа толмаған балаларға жөргектерді де алып келеді.

Осы заттарды алғаннан кейін комиссия қайырымдылық көмек көрсету актісін жасайды.

08.11.2022
Қаралым саны: 179