Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Дельфин» Қостанай сәбилер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сайтына қош келдіңіздер!
Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Дельфин» Қостанай сәбилер үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ата-ананың қамқорлығынсыз және жетім қалған балалар мен жас аналардан некесіз туылған балаларға арналған емдік және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған, заңды тұлға мәртебиесіне ие комерциялық емес мекеме. Мемлекеттік мекеменің түрі: коммуналдық. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Қостанай облысы әкімдігі. Тиісті саланың уәкілетті органы, сондай-ақ оған байланысты мекеменің функциаларын жүзеге асыратын орган «Қостанай қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» болып табылады. Мекеменің орналасқан жері: 110011, Қазақстан Республикасы,Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 4 үй. Мекеменің негІзгі міндеттері:Балалардың әлеуметтік қоғамда бейімделуіне, толық денсаулығының физикалық және психикалық дамуына ықпалын тигізу болып табылады.
«Дельфин» Қостанай сәбилер үйіата-ананың қамқорлығынсыз және жетім қалған балалар мен жас аналардан некесіз туылған балаларға арналған емдік және тәрбиелеу функцияларын жүзеге асыратын мекеме. Сәбилер үйі - 75 төсектік жобамен жабдықталған. «Дельфин» сәбилер үйінде балалар үш жасқа дейін тәрбиеленеді. Сәбилер үйінің қызметкерлері үнемі біліктілігін арттырып отырады. Сәбилер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар педиатр және тиісті мамандардың бақылауында болады, сонымен қоса терең медициналық тексерулерден өтіп тұрады. Балалардың толық және жан-жақты дамуын қамтамасыз ету мақсатында, еркін тұлға ретінде қалыптастыру үшін, балалар үйінде келесі іс-шаралар жүзеге асырылады: - Балалардың жасы мен психикалық дамуына сәйкес қажетті оқу-әдістемелік құралдармен және ойыншықтармен қамтамасыз етілген. Балалармен жұмыс жасаудың негізгі формалары мен әдістемелері сюжеттік-рөлдік ойындар, балалардың ой-қабылетін дамытатын ойындар және ертеңгілік, мерекелер болып табылады. Үш жасқа дейінгі балалармен жұмыс жасаудың негізгі мазмұны әлеуметтік-эмоционалды және физикалық тұрғыда дамыту болып табылады. Тәрбиешілеріміз балалармен жұмыс істеу кезінде Мария Монтисорри жүйесін қолданады. Бүгінгі күнге Монтессори жүйесі ең танымал жүйенің бірі болып саналады. Бұл жүйе балалардың зейінін, шығармашылық және логикалық ой қабілетін, есте сақтауды, сөйлеуді дамытады. Оның негізгі қағидаты - «оқы», «оқы» деп күштеп емес, ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу. Сәбилер үйінің қызметкерлері балалардан өз махаббаттары мен қамқорлықтарын аямайды және әр балаға өз қамқоршысын табуын тілейді.
Мекеменің құрылымы: «Дельфин» Қостанай сәбилер үйінің негізгі қызметі ата-ананың қамқорлығынсыз және жетім қалған балаларға медициналық, әлеуметтік-құқықтық және тәрбиелік көмек.
Сәбилер үйінің құрылымы мыналарды қамтиды:
- қабылдау-карантиндік тобы;
- жас ерекшеліктеріне байланысты 4 топ;
- емдік дене шынықтыру және массаж бөлмесі;
- емдеу бөлмесі;
- физио бөлмесі;
- оқшалау тобы (ауырып жүрген балалар үшін);
- логопед бөлмесі;
- музыка залы;
- алап;
- хауыз;
- тұзды шахта;
- әлеуметтік және құқықтық қызмет көрсету;
- әкімшілік- шаруашылық бөлім.
Топтарарымызда ұйықтайтын бөлме, ойнайтын жер, тамақтанатын жер, әжетхана жуыну бөлмесі және шешінетін бөлме бар. Әр бөлмеде түстердің сәйкестігі, жиһаздың қойылуы жоғарғы эстетикалық деңгейде безендірілген болуы қажет. Сонымен қоса сәбилер үйінің ауласын ойын алаңы, спорт алаңы және қалашық модульдарымен жабдықталған.
Мақаланы құрған күні 09.02.2024 14:29
Мақаланы жаңартқан күні 09.02.2024 14:29