Үсік шалу кезінде алғашқы көмекті қалай көрсетеміз

Зардап шеккен адамды жылыту ушін оны жылы үй-жаға әкеліп, ыстық шай немесе сүт беру керек. Зақымданған аяқөқолдарды жылы жапқышпен орау қажет.
Егер үсік шалу шамалы болса, қолдың саусақтарын қолтықтың астына тығу арқылы жылытуға болады. Егер мұрынды үсік шалса, оны жылыту үшін қолдың жылуы жеткілікті. Терінің жылыған аймағының қайтадан тоңуына жол бермеңіз. Тін жиі қатып, жылынатын болса, соғұрлым зақымдануы мүмкін.

Егер бетті немесе мұрынды үсік шалса, жылыту үшін оларды аязда ысқылауға, содан кейін зардап шеккен адамды үй-жайға апаруға болады. Үсік шалған жерлерді қармен ысқкылау ұсынылмайды. Қар одан сайын үсітеді, ал үшкір ұсақ мұздар теріні зақымауы мүмкін.

Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін науқасты ауруханаға тез жеткізу керек, өйткені аздап үсік шалу да организмнің қорғану күшін төмендетеді.

10.01.2023
Қаралым саны: 692