«Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басшысы Д.С. Джандаевтың 2022 жылғы 05 қазандағы № 833-К бұйрығымен, 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 111 бабына сәйкес Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының "Дельфин" Қостанай сәбилер үйі" КММ-сі бас дәрігердің міндетін атқарушы ретінда сәбилер үйінің педиатр дәрігері Яна Викторовна Барановаға жүктелді.
2021 жылғы 16 тамыздан бастап Куат Райханович Альмагамбетов сәбилер үйінің бас дәрігердің міндетін атқаруші лауазымын атқарды. «Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің басшысының 2022 жылғы 05 қазандағы бұйрығымен К.Р. Альмагамбетов облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша (өз құзыреті шегінде), оның ішінде ана мен бала денсаулығын сақтау, мектеп медицинасы мәселелері және т.б. бойынша Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары ретінде тағайындалды.
Қаралым саны: 846